Елімізде оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсыра алмаса, не болады – Министр жауап берді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкіметтік брифингте қазақ тілінен емтихан тапсыра алмаған оқушыларға не болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Емтихан нәтижесі оқушының лицейге немесе гимназияға ауысуына әсер етпейді дейді.
"Емтихан қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру мақсатында өткізіліп жатқан шаралардың бірі екенін атап өткім келеді. Бұл ең маңыздысы емес, емтиханның нәтижесі бағаға немесе оны басқа сыныпқа ауыстырылуына әсер етпеуі керек", – деді министр.
Емтиханнан сүрінген жағдайда оқушы тағы бір жыл сол сыныпта қалмайды екен.
"Бұл емтихан – қазақ тілін жетілдіруге бағытталған шара. Ол биыл енгізіліп жатыр, сондықтан мен бұл емтиханды жоғары деңгейде өткізуді бұйырдым. Алайда емтихан балалардың құқығын бұзбауға тиіс", – деді Бейсембаев.
Еске салсақ, қазақстандық мектеп оқушылары биыл қазақ тілінен емтихан тапсыратыны хабарланған еді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"