Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі оқушыларға телефон ұстауға неге тыйым салынатынын түсіндірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларға сабақ үстінде ұялы телефон ұстауға қандай жағдайда тыйым салынатынын  түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында министр осы мәселеге қатысты өз ойын айтты. Айтуынша қазір балалардың смартфонды көп пайдалануы алаңдататын жағдай.

“Мектеп негізінен сапалы білім мен сапалы тәрбие беруі керек. Сондықтанда бала сабақтың барысында мұғалімнің беріп жатқан материалын толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдау керек. Қазіргі уақытта балаларымызды осы смартфондардың алаңдататыны белгілі”, - деді министр.

Министрдің сөзінше, смартфонға тыйым салу ата-аналар тарапынан келген шағымдардың нәтижесінде қалыптасып отыр. Сол себепті бұл мәселе қазір мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр. Арнайы заңда осы ұялы телефонды шектеу қаралғанын айтты. 

“Бұл - сабақ барысында ғана мұғалімнің рұқсатынсыз смартфон пайдалануға болмайтынын туралы заң. Кейін сабақ аяқталған соң, одан тыс уақытта ата-анасына хабарласып, мән-жайын айтса болады. Бұл тек қана сабақ барысына енгізілетін шектеу деп қабылдауымыз керек”, - деп түсіндірді Бейсембаев.

Еске салайық, бұған дейін депутаттар сабақ үстінде оқушылардың телефон ұстауын шектейтін заңды қабылдағаны туралы жазған едік. 

Талқылау