AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі балабақшаларға қойылатын талаптың қатаңдатылатынын мәлімдеді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларға қойылатын талаптың қатаңдатылатынын мәлімдеді. Министр бірер күнде бұйрыққа қол қоймақ. 

"Бірер күнде мемлекеттік тапсырысты алу талаптарын қатаңдататын бұйрыққа қол қоямыз. Онда бейнебақылау камераларының болуы, санитарлық және өрт талаптарының сақталуы, ұстаздар біліктілігі мен штаттық талаптарды орындауға қатысты міндетті тілап бар", - деді Аймағамбетов. 

Оқу-ағарту министрлігі балабақшаларды лицензиялауды енгізуді ұсынған. Министр мұндай шара балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін жасалып отырғанын атап өтті. 

"Лицензиялау бізде бұрын болған. 10 жылдан аса уақыт бұрын біз балабақшалардың санын арттыру мақсатында одан бас тарттық. Қазіргі уақытқа ол мақсат орындалды және лицензиялауды қайтару керек. Шетелдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, көптеген елдерде лицензиялау бар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Жеке мектептерді лицензиялау тәжірибесі бізде бар және соңғы бірнеше жылда олардың саны тек қана артты. Онда ешқандай да айдахарға тән талаптар жоқ. Барлығы балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына бағытталған", - деп түсіндірді Аймағамбетов. 



Оның айтуынша, оқу-ағарту министрлігі жақын күндері балабақшаларды лицензиялау заң жобасын жасау туралы бастама көтереді. Егер депутаттар қолдаса, заң қабылданады. 

Аймағамбетов балабақшаларды лицензиялаудың қажеттілігі жоғары екенін атап өтті. Өйткені күн сайын дерлік түрлі заңбұзушылықтар туралы шағымдар түседі. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр