Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өкпе қабынуынан көз жұмғандар саны 1,9 есе артты - денсаулық сақтау вице-министрі

Қазақстанда өкпе қабынуынан көз жұмғандар саны 1,9 есе артты. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өкпе

"Өкпе қабынуымен ауырған адамдардың санын жасырып отырған жоқпыз. Ол электронды жүйеде тұр. 1 қаңтардан 2 тамызға дейін ауырғандардың саны 3,3 есе өсті. Ал қайтыс болған адамдардың саны 1,9 есе артып отыр", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар ол өкпе қабынуынан қаза тапқандардың неліктен статистикаға қосылмағандығын түсіндірді.

"Өйткені, 1 тамызға дейін өкпе қабынуы бүкіл дүниежүзі қолданатын аурулардың халықаралық жіктемесіне сай пневмония ауруы ретінде жіктелген. Сөйтіп электронды жүйеге түсіп кетті. Әрбір дәрігер өзі емдеген науқасын жіктеп, жүйеге салып отырады. Ал қазір дәрігерлер көптеген ауруды емдеп, енді-енді әл жинап жатыр десем, өтірік емес", - деді вице-министр.

Ажар Ғинияттың айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтары мен 2 тамыз аралығында елімізде өкпе қабынуынан 2033 адам көз жұмған. Ал осы жылдың дәл осы уақыт аралығында 4042 адам өмірден озған.
 

Талқылау