ОҚО-да туыстарының үйлену тойынан кейін жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Оңтүстік Қазақстан облысында туыстарының үйлену тойына қатысқаннан кейін із-түссіз жоғалған Әкімжан Абдуллаев өлі күйінде табылды.

Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлайды.
Оның денесі 30 қазан күні мейрамханадан алыс емес аумақтан табылыпты. Полицейлер денеден ешқандай зорлық белгілерін байқамаған. Соған қарағанда ол тоңып өлген болуы мүмкін.
Әкімжан Абдуллаевтың жоғалып кеткені туралы оның жұбайы 24 қазан күні хабарлаған еді. Әйелдің сөзінше, 39 жастағы күйеуі Қазығұрт ауданындағы туыстардың тойына кеткеннен кейін үйге оралмаған. ІІД мәліметінше, сағат 19:00-де ол туыстарының үйінен шығып, қайта келмеген.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды