Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқ тиді: Оралда жастар арасында жаппай төбелес болды

Оралда жастар арасында жаппай төбелес болып, бір адамға оқ тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тапанша БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға кеше кешкісін М.Шолохов көшесі бойындағы "Венойл" жанар-жағар май құю стансасы аумағында болған. Кезекші пультіне сағат 22:10-да хабарлама келіп түскен. 

Оқиға орнына таяу маңдағы полиция тобы дереу жіберілді. Жедел іздестіру шаралары барысында төбелеске жиырма шақты адамның қатысқаны анықталды. 

"Оқиғаға қатысы бар жастар ұсталып, оларды уақытша оқшаулау изоляторына қамау мәселесі қарастылып жатыр. Қалған екеуі іздеуде. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деді БҚО полиция департаментінде.

Төбелес кезінде оқ жарақатын алған 24 жастағы азамат облыстық көпбейінді аурухананың хирургиялық жеткізілді.

"Оның іш қуысына ота жасалды. Жігіттің көптеген ішкі органдары: бауыры, талағы, тоқ және тік ішегі, кеуде тұсы зақымданып, қабырғалары сынғаны белгілі болды. Қазір емделуші жансақтау бөлімінде жатыр", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінде.

Талқылау