Оқ-дәрі цехындағы жарылыс: Ресей аумағында 18 тамыз аза тұту күні болып жарияланды (видео)

Фото: Видеодан скрин
Ресейдің Рязань облысында 15 тамыз күні “Эластик” әскери зауытының цехында жарылыс болып, салдарынан адамдар қаза тапты. Осыған байланысты 18 тамыз облыста аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аумақ губернаторы Павел Малконың айтуынша, жойқын жарылыс салдарынан 14 адам қаза тауып, 135 адам жарақат алған. Рязань облысындағы әскери зауыттың оқ-дәрі цехында жарылыс болып, кейін қатты өрт шыққан. Құтқарушылар қираған ғимараттың қалдықтарын әлі күнге дейін реттеп жатыр.
Цех ғимараты толығымен қираған. “РИА Новости” басылымы жазғандай, алдын ала деректер бойынша, төтенше жағдайға қауіпсіздік техникасының бұзылуы себеп болған.
Өрт шығу бойынша қауіпті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан