Оқ атып, пышақ тыққан: Елордада жаппай төбелес кезінде екі адам мерт болды
Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелес салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаза болғандардың кім екені анықталды, олар - Қызылорда облысының 39 және 44 жастағы тумалары.
Кейін ауруханаға тағы бір жаппай төбелеске қатысушы - 24 жастағы атыс жарақатын алған жігіт жеткізілді.
"Жанжал араздасушылардың бірі қарызын қайтармауы салдарынан туындаған. Соңы төбелеске ұласып, пышақ және атыс қарулары қолданылған.
Оқиғаның қатысқан 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99 - бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде", - деп толықтырды құқық қорғау органында.