Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оған шын ғашық болдым": Тәуекел Мүсілім бұрын кездескен қырғыз қызы жайлы айтты

Мың арудың арманы болған актер Тәуекел Мүсілім бұрын ғашық болған қырғыз қызы жайлы айтты. Актер шын ғашық болған арудың өзіне бұйырмай кеткенін жеткізді. 

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Тәуекел Мүсілім бойдақ кезін еске алып, көңіл қосқан арулар жайлы айтты. Актер өзіне бұйырмай кеткен, алайда шын ғашық еткен қырғыз қызы жайлы айтты. 

Тәуекел Мүсілім іссапармен қырғыз елінде 15 күндей болған уақытта бір арумен танысқанын айтты. Бұған дейін де ол БАҚ-қа өзінің сүйіктісі барын, онымен үйленетінін айтқан еді. 

“Қырғызстанда бірнеше қыз болды ғой. Соның бірі – Айтұрған Мама. Мен оған шын ғашық болдым. Үйленеміз деп те ойладым, бірақ бұйырмады. Бар болғаны сол. Жақсы араластық. Үйленген соң бұрынғы өткенім туралы айта бергім келмейді. Әйелім ренжиді. Қазір шүкір, әйелім, балам бар. Бәрі артта қалды”, – деді ол. 

Тәуекел одан бөлек оқуға түскен жылдарын, жұмыс істеп жүрген уақытын айтты. Бастапқыда әнші болмақ болған ол уақыт өте  актерлікті қолға алған. 



“Анам мені оқыта алмайтынын айтты. Сондықтан өз күшіммен оқуға түсуім керек болды. Солай дайындалып, политехникалық университетке оқуға түстім. Анам да, мен де қуандық. Жұмыстан бөлек, модельдікке араласа бастадым. Бойым ерекше ұзын, өзім арық болатынмын. Содан ұялатынмын. Кейін модельдік қызметке бойдың ұзын болғаны жақсы екенін түсіндім. Солай жүргенімде өнерге келдім. Жанна Абуова менің продюсерім болды. Ол кісі мені әнші қылмақ болды. Бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Бірақ әншіліктің менікі емес екенін түсіндім. Себебі бала кезден әуестенбегендіктен, одан нәтиже болмайды. Оның үстіне актерлікті тастауға тура келеді. Сондықтан мен актерлікке бет бұрдым”, – деді актер. 

Тәуекел алғашында режиссерлердің де, журналистердің де, басқа да адамдардың өзіне сенбей, сын көп айтқанын мойындайды. Алайда солардың көпшілігі кейіннен еңбегін мойындапты. Актер Асқар Ұзабаев, Баян Алагөзовамен алғаш істес болып, кейін өнерде жолы ашыла бастағанын айтты.

Талқылау