Нұржан Керменбаев үшінші ұлының тұсауын кесті
Танымал әнші Нұржан Керменбаев үшінші ұлы Имранның 1 жасқа толуына орай тұсаукесер өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/nazerke_kermenbayeva
Отбасылық жиын туралы әншінің жұбайы Назерке өзінің желідегі парақшасында жазды.
“Имран 1 жас. Тұсау кесер кешінен естелік. Тұсауын Елмұран ағамызға кестірдік. Имран кілт таңдады, ойланбады да. Көкесіне ұқсаған бизнесмен болып, ай сайын көлік ауыстыратын болды деп күлдік. Отбасымызбен өзіміз ғана болдық. Салтымыздан асып кетпейік деп, ырымын жасадық. Қадамыңа нұр жаусын”, –делінген жазбада.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.
“Қадамы құтты болсын”, “Жасы ұзақ, дені сау болсын”, “Қадамы оң болсын”, “Еліміздің парасатты, атқамінер азаматы болсын”, “Құтты болсын”, “Болашағы жарқын болсын”, – деп жарыса жазды желідегілер.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар