Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан шыңының атауы өзгертілгені рас па? Альпинизм федерациясының жауап берді

Альпинизм федерациясы Алматы тауларындағы Нұрсұлтан шыңының атауын өзгерту туралы ақпаратты жоққа шығарды. Федерацияның мәліметінше, "техникалық қате" орын алған. Бұл туралы Stan.kz  ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

 фото:Radio_Azattyk

Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Нұрсұлтан шыңының ескі атауы Алматы шыңы деп өзгертілгені туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда федерация бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

"Құрметті достар, биыл 8-9 шілдеде Алматы альпинизм федерациясы Іле Алатауының бір шыңында - қаланың визит картасы Алматы шыңында Альпиниада өткізді, ол Комсомол шыңы (1935-1997 жылдары), Нұрсұлтан шыңы (1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін) деп те аталады. Әртүрлі дереккөздерде шың үш атаумен аталады. Бұл ретте Алматы шыңы, мұрағаттық деректерге сәйкес, шыңның тарихи бірінші атауы (1935 жылға дейін). Федерация құзыретіне географиялық нысандар атауын өзгерту кірмейді. Алайда, федерацияның веб-сайтындағы техникалық қатеге байланысты, деректерді тексермей, бұқаралық ақпарат құралдары шыңның атауы өзгертілгені туралы ақпарат таратты. Салдарынан шатасу пайда болды. Қазіргі уақытта географиялық нысандардың ресми тізіміне сәйкес бұл шың Нұрсұлтан шыңы деп аталады", - деді Альпинизм федерациясы.

Бағдарламадағы қате тиісті ақпарат пайда болғаннан кейін түзетілді.

Талқылау