Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы демалысынан оралды
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Тұңғыш президенттің Түркиядан еңбек демалысынан келгенін мәлімдеді. Сөзінше, ол ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен кездеспеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның Түркияда жақын туыстарымен бірге болғанын айтты.
- “Назарбаевқа талай ескерту жасадым, бірақ тыңдаған жоқ”: Тұңғыш президенттің экс-кеңесшісі оның жіберген қателіктері туралы айтты
"Нұрсұлтан Назарбаев демалысын Түркияда, туған-туыстары мен жақындарының жанында өткізіп, елге оралды. Аноним ақпарат көздерінің әртүрлі алып-қашпа әңгімелеріне қарамастан, Тұңғыш Президент ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізген жоқ", – деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын