Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі қызметіне Нұрлан Телманұлы Ұранхаевты тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген президент қаулысында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы әкімі лауазымына Нұрлан Ұранхаев пен Асхат Смайыловтың кандидатурасын ұсынған. Ашық дауыс беру кезінде мәслихаттың 25 депутаты Асхат Смайыловқа, ал 89 депутат Нұрлан Ұранхаевқа дауыс берген.
Нұрлан Ұранхаев бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін президент Алматы облысының әкімін тағайындаған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі