AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының әкімін тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Әбдіғалиұлын Ұлытау облысының әкімі етіп тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Берік

"Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген президент қаулысында.

Облыс әкімі дауыс беру арқылы сайланған. Президент бұл лауазымға екі кандидатты ұсынған: Берік Әбдіғалиұлы мен Серік Шайдаров. Мәслихат депутаттарының ашық дауыс беруі кезінде 64 депутаттың 51-і Берік Әбдіғалиұлына дауыс берген. 

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1989 жылы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті. Бөлім меңгерушісінің орынбасары міндетін атқарған және басшының орынбасары лауазымында болған. Сондай-ақ Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

1999-2000 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығы (Астана) меңгерушісінің орынбасары болды. 2001-2002 жылдары Теміртау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

2012 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды және осы жылы Премьер-Министр Кеңсесіне өтіп, бірінші вице-премьердің кеңесшісі болды.

2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

Осы тағайындауға дейін Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болды, ҚР Ұлттық мұрағатындағы "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығын басқарды.

Ал 2019 жылы қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр