AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Өнербаев: Ахметжан Есімов Алматыға әкім болып келген соң маған орныңызды босатыңыз деді

Әнші-актер, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев өзінің шығармашылығы өткені мен бүгіні жайлы баяндады. Әнші отбасы мен мансабы жайында айтып берді. 

Бұл туралы “Талқылайық” бағдарламасында айтылды.

Нұрлан Өнербаев өнердің төрінен ерекше орын алып, өз бағасын алған әншінің бірі. Өнер мен қызметті қатар алып жүрді. Бір кездері өнерден алыстап кеткендей еді. Енді бірде саясатқа араласты. Алайда әрдайым әнін шырқап келеді.

”Мен бірнеше жыл мемлекеттік қызметте болдым. Бірақ одан менің абыройым артқан жоқ. Мен енді мемлекеттік қызметке қайта бармаймын”, – дейді Өнербаев. 

Бір кездері Алматы қалалық мәдениет басқармасын басқарған әнші ол қызметтен не себепті кеткенін айтты. 

“Иманғали Тасмағамбетов мені осы орынға шақырған еді. Кейін ол кісі елордаға әкім болып кеткенде, мен өз орнымда қалдым. Алматыға Ахметжан Смағұлұлы Есімов келді. Ол кісімен бірге жарты жылдай қызмет еттік. Жүз шайыстық дегенге келмейді. Арасында сын-пікірлер, талқылаулар болды. Көмекшісі “сіз арыз жазып, орынды босатуыңыз керек” деді. Мен оның себебін сұраған жоқпын. Екі сөзге келместен арыз жазып бердім. Арызға қол қойылды. Кейін Ахметжан Смағұлұлы мені шақырып, Жұбанов атындағы өнер мектебіне басшы болып барасыз деді. Бұл орта маған жақын емес еді. Себебі мен ұстаздыққа бейім емеспін. Өзімді тәлімгер, ұстаз ретінде көрмеймін. Сондықтан да арнайы шәкірт тәрбиелеген емеспін. Бірақ бардым. Ол жер басшысы көп ауысатын, айқай-шуы көп орта болды. Мен басқарған жылдары айқай болған жоқ. Сол қызметте жүргенде мені депутаттыққа шақырды. Мен тағы ауысып кеттім”, – деді әнші. 

Айтуынша, депутаттыққа алғаш келген уақытта Жұбанов атындағы өнер мектебіне мемлекеттік статусты қайтаруды талап еткен. Бұл сол ұжымның өтініші еді.

“Мен сол аманатты орындадым. Депутаттық қызметте атқарған бір жеңісім сол”, – дейді Өнербаев. 


Нұрлан Өнербаев: Менің сопылық ағымға еш қатысым жоқ

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр