Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: qazaqstan.tv

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған. 

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде білім алған. 2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясының қаржы және несие факультетінде, 2012-2015 жылдары ҚазҰУ-де халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратурада білім алған.


"Бадықова мен Қоянбаевтың төмен деңгейлі фильмдері көрсетіледі": Мемлекет миллиардтар бөлген кино неліктен прокатта табыс таппайды


Қоянбаев бұған дейін президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры, "Қазақстан" ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметтерін атқарған. 2021 жылы президент жарлығымен "Шапағат" медалімен марапатталды.

Еске салсақ, бұған дейін танымал актер, кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев киносын сынайтын көрерменге ренжіп жүргенін айтқан еді. 

Талқылау