Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрболхан мен Жанболат Серік Ибрагимовке пранк жасады (видео)

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен Жанболат Найзабеков Серік Ибрагимовке пранк жасады. Әнші көзіне жас алып, достарына ұрсып тастады. Құрдастар өзара әзілдесіп, татуласып қайтысты. 

Нұрболхан Шарапов пен Жанболат Найзабеков құрдасы Серік Ибрагимовтің туған күнінд қатігез пранк жасады. Олар Серіктің жары Айнамкөзбен келісе отыра Серікті алдап соқты. Олар Серік Ибрагимовтің ұлы Хамзаны ұрлап әкетіп, әкесін алаңдатып қойды. 

Сценарий бойынша, Серік туған күнге келген тортты түнгі сағат 00:00-де алу керек болады. Сол уақытта әйелі қоқысты төгуін өтінеді. Әнші қоқысты төккен кезде екі әзілкеш оның ұлын сыртқа алып кетеді. Серік ұлын іздеп, біршама уақыт жүреді. Кейін достарының алып кеткенін білді. Ұлын құшақтап жылап қалды.

Достары басу айтып мұның туған күнге алдын ала дайындалған пранк екенін айтып жатты.

"Мен 16 қабатты жүгіріп іздеп шықтым. Қоқыс жаққа бардым. Не істерімді білмей жүрсем Айнамкөзде неге үйге кіре бересің ол далада деп есімді шығарды. Хайуан екенсіңдер. Солай әзілдеуге бола ма?", - деп күледі әнші. 

"Бұл ұмытылмайтын туған күн болды. Келесі туған күнінде енді Серік үйінен ешқайда шықпайтын болды. Біз Қызық таймсан да зор алдадық. Серік тіпті жылап қалды", - деді Нұрболған Шарапов. 

Талқылау