AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрболат Абдуллин: Мен әкем үшін арманымнан бас тартқан адаммын

Нұрболат Абдуллин 5 жасынан әнші болуды армандаған. Бірақ кішкентай ғана ауылдан шыққан қара бала ел танитын өнер адамы боламын деп ойламаған. Әнші бұдан бөлек отбасы, әкесі мен өкініштері жайлы баяндады. 

Бұл туралы Абдуллин “Талқылайық” бағдарламасында айтты.

Нұрболат Абдуллин батыс өңірдің тумасы. Кішкентай ғана ауылдан шыққан үйдің кенже баласы әнші болуды о бастан армандаған. Үміт болғанымен, дәл ел танитын әнші боламын деп ойламаса керек. Себебі әкесінің сөзін тыңдап бала арманынан бас тартқан. 

“Әнші болғым келді. Ауылда қой кезек, сиыр кезек деген болды. Сонда қой бағып жүріп жартастарда ән айтамын. Жартаста даусың жаңғырады. Керемет әнші секілді сезінесің. Ән айтасың. Өзімді хабарлаймын. Қойлардың алдында өнер көрсетемін. Ауылдың адамдары мені “Нұрболат концерт беріп жатыр” деп айтады екен. Жаңғырық ауылға дейін жететін.

Солай бала болып армандадым. Бірақ әкем әншілікті қайтесің деп қарсылық білдірді. Ұлдың кенжесісің. Оқуыңды оқы. Маман бол. Шешеңе қарайла деген соң әке сөзін тыңдадым. Мен әкем үшін бала арманымнан бас тарттым. Әкем мен шешеме қарайладым. Бір ғана өкінішім – әкем қайтыс болғанда қасында бола алмағаным. Әкем ауырған адам емес. Сергек жүретін. Көбіне шешемді уайымдайтын. Анам жиі ауырғандықтан анама қарайлайтын. Әкем өмірден кетеді деп ойламадық. Мен ол кезде Алматыда едім. Соған өкінемін”, –деді әнші.



Нұрболат мырза алдағы уақытта болатын концертте асқар тау әкесінің болмайтынына өкініш білдірді. 

“Бұл концертте бәрі болады. Бірақ әкем ғана жоқ. Алдыңға екі концертте де әкем бар еді. Өкінішім сол. Қазір анам үлкен ұлдың қолында. Өзінің қалауы. Бірақ түбі менің қасыма келеді. Солай уәде берді. Менің қолыма көшіп келеді”, – дейді әнші. 

Ақтөбеден Көктөбеге арман қуып жеткен ол Алматы қаласының артықшылықтарын айтты. Ал өзіне Алтынбек Қоразбаев мырзаның қолдауы болғанын жасырмайды. 

“Алматы мені өзгерткеннен гөрі, көзімді ашты десем болады. “Қазақконцертте” жұмыс істесем деп армандайтынмын. Бір күні байқауда бас жүлдені иеленген соң Алтынбек Қоразбаев өзі шақырды. Ертең құжаттарыңмен “Қазақконцертке” кел деді. Маған солай үлкен қолдау көрсетті. Өнерге келуі әуелі анам, одан кейін өнердегі аға-әпкелер көмектесті. Ұстаздарымның еңбегі ерен”, –дейді әнші. 

Айта кетейік, бір жыл бұрын Нұрболат Абдуллиннің әкесі бақиға аттанды. Қаралы хабарды көпшілікке Қайрат Нұртас жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр