Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрболат Абдуллиннің әкесі қайтыс болды

Әнші Нұрболат Абдуллиннің әкесі бақиға аттанды. Қаралы хабарды көпшілікке Қайрат Нұртас жеткізді. 

Қаралы хабарды Қайрат Нұртас Instagram парақшасында жазды. 

"Иманды болсын! Сабыр берсін, досым" , - деп жазды Қайрат Нұртас.

"Кейде адамның қателігі өзінің өсуіне, дұрыс жүруіне себепші болатыны бар. Бар болмысыңмен кем-кетігіңе қарамай қабылдай білетін адам сатысындағы алғашқы Ардақтылар ол ата-анаң. Анасы бар адамдар қартаймайды. Әкесі бар адамдар аласармайды", - деп жазған екен Нұрболат Абдуллин біршама уақыт бұрын парақшасында.

Әншінің желідегі оқырманы қайырлы болсын айтып жатыр.

"Қайырлы болсын, иманы салауат болсын", "Иманы жолдас болсын, жаны жәннатта болсын", "Әкеңіздің арты жақсы болсын, енді той болсын", "Артында қалған ұрпағына сабыр берсін, денсаулық берсін", "Алла панасына алсын", "Әкеңіздің арты қайырлы болсын", - деп жазды олар.


 Нұрболат Абдуллин тоқал алу туралы айтты

Талқылау