Нұралы Әліп Ресей премьер-лигасының чемпионы атанды
Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенит" сапында Ресей чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Нұралы Әліп өнер көрсететін Санкт-Петербургтің "Зенит" футбол клубы алтыншы жыл қатарынан Ресей чемпионы атанды. Чемпиондықтың тағдыры соңғы ойында шешілді. Ресей чемпионатының соңғы турында Нұралының командасы "Ростовты" 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінің бірінші сатысында тұрған мәскеулік "Динамодан" озып кетті. Бұл матчта отандасымыз негізгі құрамда шығып, 90 минут ойнап шықты. Осылайша Нұралы Әліптің командасы алтыншы рет қатарынан Ресей чемпионы атанып отыр.
Айта кетейік, Нұралы Әліп 2022 жылдан бастап “Зенит” командасының қатарына қосылып, сол уақыт аралығында үш рет Ресей чемпионатының жеңімпазы атанды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"

