Нұр-Сұлтанда жол өткелінде көлік аударылып кетті (видео)
Нұр-Сұлтанда жол өткелінің ішінде аударылып кетті. Аударылған темір тұлпар түсірілген видео жаппай әлеуметтік желілерде тарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ПД өкілдерінің хабарлауынша, оқиға 15 мамыр күні сағат 10:20 шамасында орын алған.
"Toyota Camry маркалы автөкөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Бараев көшесінде орналасқан жол өткелінде тізгінге ие бола алмай, кедергіге барып соғылып, артынша аударылып кеткен. Аталмыш оқиғаға байланысты әкімшілік кодекстің 610 бабы 1 бөлімі бойынша іс қозғалды", - делінген ресми хабарламада.
Абырой болғанда, жол көлік оқиғасының салдарынан қаза тапқан мен зардап шеккендер жоқ екен.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген