Нұр-Сұлтанда үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың досы марапатталды
Нұр-Сұлтанда сегізінші қабаттан құлаған үш жасар бүлдіршінді құтқарған екінші ер адам марапатталды. Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен Сағи Жылқышиевке "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төсбелгіден бөлек, Жылқышиевке алғыс хат пен сағат сыйға берілді. Бұған дейін отандық құрылыс компаниясы Сағи Жылқышиевке елордадан екі бөлмелі пәтер сыйлаған еді.
Айта кетейік, Сәбит Шонтақбаев 11 мамыр күні досы Сағи Жылқышиевпен бірге сегізінші қабаттың балконында ілініп тұрған үш жасар қызды құтқарды. Нұр-Сұлтан әкімі Сәбит Шонтақбаевқа несие алуға және жұмысқа тұруға көмек берілетінін айтқан еді. Ал отандық құрылыс компаниясы Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер сыйлады.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі