Нұр-Сұлтанда төбесіне құрылыс конструкциясы құлап кеткен әйелдің жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтандық дәрігерлер төбесіне металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта науқас өте ауыр халде реанимация бөлімінде жатыр. Пациент дәрігерлердің жіті бақылауында. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске сала кетсек, 22 қазан күні Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкциясы құлады.
Оқыс оқиға салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.
Сондай-ақ, қалалық полиция департаменті болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалының басталғанын хабарлады.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр