Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда әйелге "Номад" тұрғын-үй кешенінің шатырындағы күмбез құлады (видео)

Нұр-Сұлтан тұрғынының үстіне "Номад" тұрғын-үй кешенінің шатырындағы шыны күмбез құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елорда денсаулық сақтау басқармасы әйелдің көптеген жарақаттармен, соның ішінде ми жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. 

"Науқас көптеген жарақаттармен, соның ішінде ми зақымдалуымен №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау кезінде науқастың жағдайы ауыр деп бағаланды. Жедел түрде әйелге ота жасалып, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 

Бүгін Астанада қатты жел болып тұр. Үй тұрғындары шатырдағы күмбездің мерекелер мен іс-шараларға жалға берілетінін айтады. 

Талқылау