Нұр-Сұлтанда өзеннен баланың мәйіті табылды
Нұр-Сұлтандағы Ақбұлақ өзенінен баланың өлі денесі табылды. Болжам бойынша, ол суға абайсызда құлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сараптамадан кейін ғана болған жағдайдың себебі анықталады.
«Баланың құлап кеткендігі туралы хабарлама 27 тамызда сағат 18:05 уақытында 112 пультіне келіп түскен. Оқиға орнына қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару тобы жеткізілді. Оқиға орнына бір техника және құтқару тобынан төрт адам барды», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі Аягөз Фазылова.
Құтқару тобы судан 8-9 жас шамасындағы түр-келбеті азиаттық баланың денесін шығарған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"