Нұр-Сұлтанда лифт үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлаған
Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйдегі лифт үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлады. Бұл кезде лифт ішінде екі адам болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға елордадағы Күйші Дина көшесі, 31 үй мекенжайында 1 тамызда болған.
"Құтқарушылар келіп жеткен кезде лифтінің үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлағаны анықталды. Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен екі адам өз бетінше лифтіден шыққан. Зардап шеккендерді медициналық қызмет мамандары тексерді, жағдайлары қанағаттанарлық", – делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматыдағы Mega Towers тұрғын үй кешенінде лифт жоғары жылдампен қозғалып, үйдің төбесіне соғылған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған