Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"25-қабатқа жылдам көтерілді": Алматыдағы тұрғын үй кешенінің бірінде лифт жоғары жылдамдықпен үйдің төбесіне соғылған (видео)

Алматыдағы Mega Towers тұрғын үй кешенінде лифт жоғары жылдампен қозғалып, үйдің төбесіне соғылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

лифт

Оқыс оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Бұл кезде лифт ішінде ер адам болған. 

"Mega Towers тұрғын үй кешенінде лифт 25-қабатқа соғылды. Біз отбасымызбен 4-қабаттан төмен түстік. 1-қабатқа келгенде, менен басқаның бәрі шығып кетті. Есік жабылып үлгерместен жоғарыға жылдам көтерілді. Мен біреу лифт шақырып, есік сол үшін жабылмады деп ойладым. Жылдам 7-қабатқа жеткен соң жоғары қарай жылдамдығы үдей түсті. 25-қабатқа көтеріліп, ғимараттың шатырына соғылды", – делінген желідегі ақпаратта. 

Кадрлардан ер адамның саусағын жарақаттап алғанын көруге болады. 

Алматы әкімдігіне оқыс оқиғаның болғанын растады. Оқиға орпнына Тұрғын үй саясаты басқармасының мамандары жіберілген. 

Алматы полициясының баспасөз қызметіндегілер аталған жайтқа қатысты Бостандық ауданы полиция басқармасында тергеу басталғанын мәлімдеді. Тексеріс нәтижесі бойынша құқықтық бағасы беріледі. 

Талқылау