Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп өлген әйелдің анасы: Күйеу балам қызғаныштан емес, жәрдемақы үшін қылмысқа барды

Нұр-Сұлтанда күйеуі бензин құйып өртеген әйелдің анасы мән-жайды айтты. Анасының айтуынша, күйеуі бұл қылмысқа қызғаныштан бармаған.

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп өлген әйелдің анасы: Күйеу балам қызғаныштан емес, жәрдемақы үшін қылмысқа барды

Айта кетейік, елордада күйеуі үстіне бензин құйып өртеген әйел көз жұмды

Марқұм әйелдің анасы күйеу баласының қылмысқа қызғаныш әсерінен ғана емес, жәрдемақы үшін барғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.  

"Олар елордаға келіп, тіркеуге тұрды. Сол кезде 21 мың теңге атаулы көмек шықпай қалды. Жарты жылдан бері 6 балаға қарап отырмын. Қалай жұмыс істеймін дейді. Оған қатаң жаза берсін. 20 жылдан да көп үкім кессін. Әділеті сол", - деді Дәмегүл Қашағанова. 

16 жыл бірге тұрған отбасы соңғы кезде мемлекеттің ақшасын өмір сүріп келген. Балалардың тұңғышы 16 жаста. Кенжесі 4 жаста.  Олар қазір әкесінің туыстарының қолында.


Тағы оқыңыз: "Анам денесін өртеп жіберуді сұрады": Елордада әйелін атып өлтірген аңшының ұлы мән-жайды айтты

Талқылау