Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анам денесін өртеп жіберуді сұрады": Елордада әйелін атып өлтірген аңшының ұлы мән-жайды айтты

Елордада отбасылық жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ішімдікке сылқия тойып алған 59 жастағы азамат өзінің жолдасын мылтықпен атып өлтірді. Аңшының ұлы мән-жайды айтып берді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазір бұл іске қатысты құзырлы орган өкілдері тергеу амалдарын бастап кетті. Белгілі болғандай, күдікті аңшылықпен айналысатын көрінеді. Үйінен мылтықтың табылуы да сондықтан деп алғашқы мәлімдемелерін жасады погондылар.

Күдіктінің үлкен ұлы Омар қарғыс атқан сол күнді былай еске алады. Жексенбі түні. Сағат 10-ның шамасы. Анасымен өз бөлмесінде әдеттегідей әңгіме-дүкен құрып отырған олар көрші бөлмеден мылтықтың дүрс еткен дауысын естиді..

«Тарс еткен дауыс естілді. Сосын інім шыңғырып жіберді. Анам  оны тоқтатпақ болып бөлмеден шықты», - дейді ол.

Інім деп отырғаны - күдіктінің екінші ұлы. Бірақ марқұмнан емес. Ал үшінші әйелінен. Бүлдіршін сол күні әкесіне қонаққа келген.  Алайда ойын баласы араққа сылқия тойып алған күдіктінің  мазасын алған көрінеді, шыдамы жетпеген әке бес жасар баланы іштен атқан. Абырой болғанда, оқ нысанаға дәл тимей, жаны аман қалды.

Жұмысқа жарамсыз екенін білген: Ақтау тұрғыны әйелі мен үш баласынан үйін тартып алмақ болды >>>

Отбасының екі мүшесін жайратып салғасын, күдікті үлкен ұлына кіріседі. Абырой болғанда , Омардың мас әкеге төтеп беруге  күші жеткен. Артынша телефонға жармасып, дереу жедел-жәрдем шақыртуға тырысқан. Әсілінде ажалдан  арашалап қалуы тиіс ақ халаттылар тұтқаларын көтермей, Омар көрші-қолаңнан көмек сұрауға ұмтылады. Ал әкесі болса осы мезетте тек қана бір сөздерді ғана қайталаумен болыпты.

«Галина Николаевна, олар мені шаршатты. Мені шаршатты», - деп айқайлай берді», - дейді оқиға куәгері Галина. 

Күдіктінің бұлай деуіне себеп те жоқ емес. Белгілі болғандай, Шолпан мен Сәкен бір шаңырақта тұрып жатыр деген аты болмаса, отбасында береке жоқ, дейді ұлдары Омар. Әкесі соңғы жылдары араққа салынып,  марқұмды да, баласын да тепкінің астына алатын әдет шығарған.

«Мен оған «әке, қойшы болды» деп жалынатынмын! «Оны өлтіресің», - дейтінмін. «Жарайды, оған тиіспеймін. Маған су әкелші, ішейін», - дейтін. Мен барып су әкелдім. Ал ол оны анамның бетіне шашты», - дейді күдіктінің ұлы Омар Сабыров.

Қыр соңында әйтеуір бір жамандықтың боларын сезді ме, марқұм көзі тірісінде баласына өтініш хат жазып қалдырған екен. Онда «Мен қайтыс болғаннан кейін,  денемді  өртеп жіберіңдер», -делінген. Себебін анасы ұлына былай деп түсіндіріпті.

«Ол менің өзі жерленген жерге байланғанымды қаламады. Астана, басқа қаласы болсын. Мен өлгенде менің тәнімді өртеп жіберіңдер», - деді. Сосын күлін Алматы тауларына апарып ұшырғанымды қалады. «Кейін мен желге айналамын. Қай жерде жүрсең де, мәңгілік  сенімен боламын», - деді», - дейді күдіктінің ұлы Омар Сабыров.

Қазір  аталған оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тергеу амалдарын бастады. Сан сауалдың бірі, күдіктінің үйінде мылтық қайдан жүр? Бұл сұраққа полицейлер оның аңшы болғандығын айтып, қару ұстауға рұқсаты бар деп жауап қатты.

«Осы дерек бойынша қазір, ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, қамауға алынды», - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Мұны марқұмның ұлы да мойындап отыр.

«Ол аң атқанды, өлтіргенді жақсы көретін. Біз ол еттерді өзімізге қалдырмайтынбыз да! Таратып беретінбіз. Ол сол жан-жануарды атқаннан ләззат алатын», - дейді Омар Сабыров.

Мамандар мұндай қатыгездікке көбіне өз-өзіне қанағаттанбайтын, әрі өзін-өзі бақытсыз санайтын жандар барады дегенді айтып қалды.

«Сонда мен өзімнің бақытты өмір сүруім үшін, іштегі қалауымның бәрін қамтамасыз ете алмасам, менің бұл психикалық фурстракциялануым. Өзімді бақытты күйге әкелу үшін, мен барлық зұлымдық бола ма, жауыздық бола ма, кез-келген нәрсені жасауға дайынмын», - дейді психолог Серікгүл Сали. 

Ал Омардың өмірінде енді бақыттың бағы қайта және қашан гүлдейтіні  бір құдайға аян. Оның қазіргі арманы анасының соңғы өтінішін орындап, Алматы бөктеріне пырағын жеткізу.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада ер адамның әйелін атып өлтіріп, 5 жасар ұлын жарақаттағанын хабарлаған едік.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

Смаилова: Жігіттер қыздарды әйелдікке емес, құл қылу үшін алады

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

Қыздың ұрланған бала екенін әйелдің өзі де, күйеуі де білмеген

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Продюсер: Аз қаражатқа жұмыс істеп жүргенде бізді қысқартып жіберді

Демалыс күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Алматыда қар жауады

Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

LRT ісіне қатысты елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысы туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан мәслихат хатшысы қамауға алынды

«Астана LRT» ісінде бес күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі
Çàãðóçêà...