Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың құрылысы аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы BI Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, құрылысы аяқталған аурухананың фотосуреттерін жариялады.

"Не дегенмен біз мұны жасадық! Мүмкін еместі жасадық! Кешегі шаңды, шулы түнгі құрылыстағы қарқынды терапия палаталарымыздың  ондаған ӨЖЖ аппараттары орнатылған бүгінгі фотосы. Жақын күндері біз дәрігерлермен бірге жабдықты орнатып, аурухананы солардың қолына тапсырамыз! Дәрігерле асығып отыр және қауіпсіз технологиялар мен аймақтардың ішінді қуанып жүр,  енді олар жұқтырмайды!", - деп жазды Айдын Рахымбаев.

 

Сонымен қатар, ол жақын арада Алматыдағы аурухананың құрылысы аяқталатынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, елордада жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы 5 сәуірде басталды. Нысанда мыңға жуық адам жұмыс істеді.

 

 

Талқылау