Нұр-Сұлтанда қыз бала әкесінің көз алдында суға батып кетті
Елордада 13 жастағы қыз әкесінің көзінше суға батып кетті. Ер адам оны өз бетінше судан шығарып алмақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Сүңгуірлер қыздың денесін тауып, судың түбінен көтеруге екі сағатқа жуық уақыт жұмсаған. Есіл өзенінің бұл аймағына шомылуға тыйым салынған. Жердің батпақты болуы іздеу жұмыстарын қиындатқан көрінеді.
Қазір оқиғаның мән-жайын құтқарушылар мен полиция анықтап жатыр.
Белгілі болғандай, қыздың отбасы осы ауданға жақын жерде тұрады. Сол күні үш баласы бар әке өзенге серуендеуге шыққан. Суға батып кеткен отбасының үлкен қызы болған.
“Қарттар үйінің артында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар бұл жерді айналып өтіп, басқа жақтан жүрген. Ол жерлерде арнайы белгілер болған. Бірақ олар мән бермеген көрінеді”, –дейді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Аягөз Фазылова.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы