Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында екі жасөспірім суға батып кетті

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Сәбденов ауылында 11 және 8 жастағы екі жасөспірім арнайы жабдықталмаған жерде шомыламын деп, суға батып кеткен. Құтқарушылар келгенге дейін жергілікті тұрғындар судан балалардың денелерін шығарып алған.

"Қайғылы оқиға туралы хабарлама құтқару қызметіне сағат 19:00-де келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД-ның 3 қызметкері 1 техникамен және аудандық полиция бөлімінің 10 қызметкері 5 техникамен шықты. Қазіргі уақытта өлімнің мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Облыстық ТЖ департаменті ата-аналардан өздерінің ата-аналық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды және балаларын су айдындарындағы қауіпсіздік жөнінде қарапайым ережелерді үйретуді сұрайды.

 

Талқылау