Нұр-Сұлтанда қылмыскерлер көше тазалап, көгалдандыруға көмектесіп жүр
Біреуді ұрып-соғып немесе жол ережесін бұзғандар қала көшелерін тазалап, көгалдандыруға көмектесіп жүр. Нұр-Сұлтанда қылмыстық теріс қылық істеген 200 азамат жазасын осылай өтеуге мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы, елордада жеңілдік қылмыстық ісі үшін 2400 адам есепте тұр екен. Жыл басынан бері солардың 400-і қоғамдық жұмысқа жұмылдырылыпты.
Бұл санатта басқаларға күш көрсеткендер, есірткі заттарын пайдаланғандар, жол-көлік ережесін бұзғандар кіреді.
"Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін 200 сағаттан 800 сағатқа дейін беріледі. Ал ауырлығы төмен және орташа деңгейдегі қылмыстар үшін 800-ден 1200 сағатқа дейін жұмысқа тартылады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Ернат Ақылжанов.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
