Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыптылар элиталық дүкендерден киім ұрлаған
Елордалық полицейлер сауда үйлерінің бутиктерінен элиталық киімдерді ұрлады деген күдікпен ерлі-зайыптыларды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар күндізгі уақытта сауда-ойын-сауық орталығының бутиктеріне кіріп, қымбат ерлер мен әйелдер киімдерін таңдаған. Арнайы құрал көмегімен киім ауыстыру бөлмесінен қорғаныс құралдарын алып тастаған.
Ұрланған мүлікті олар базарлар аумағында төмендетілген бағамен сатқан, кейбір заттарды өздері киген.
Шығын сомасы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта 29 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы әйелі ұсталды.
ҚР ҚК-нің "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, олардың астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық