Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер алты ай бойы 10 айлық сәбиге диагноз қоя алмаған

Елордалық дәрігерлер 10 айлық сәбиге диагноз қоя алмай келеді. Баласын емдетпек түгілі, немен ауыратынын біле алмай шырылдаған ана дәрігерлерден көмек сұрап жүргеніне жарты жылға жуықтағанын айтып ашынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Меруерт сәбиіне араша болар дәрігер таппай бас қалаға келгеніне де жарты жылға жуықтаған.  

“Тек невропотолог пен ортопедтің ортасында ғана жүрмін. Сенбі күні  невропотологқа барсын деп анықтама берген, бүгін ол  ортопед бақылауынан өту керектігін айтты. Бейжай қарап отыр. Бала саған керек пе, маған керек жоқ деп. Баланың бір қолының өсу деңгейі тоқтап жатыр. Оған қарап жатқан ешкім жоқ”, – дейді баланың анасы Меруерт Буйдахмет.

Алидардың анасы нақты диагнозын біле алмай сандалып жүр. Ол дәрігерлер баламның денсаулығына салғырт қарап отыр дейді. Оң жақ қолы сол жақ қолынан даму жағынан тежеліп қалды деген ана енді қайда барарын білмей дал.

“Бүгін анализін тапсырды, дәрігер порталмен жатқызуға анықтама дайындап жатыр. Таңертеңнен бері сол барлық мамандармен консультация жасалды. 2-ші балалар ауруханасына диагнозын анықтау ету үшін жатқызамыз”, – дейді “Эндохирургия клиникасы” ЖШС Қоянды филиалының директоры Гүлжауһар Кушаевна.

Дәрігерлер 6 ай бойы қоймаған диагнозды апта ішінде анықтап беруге уәде берді. Емхана директоры өзінің қол астындағы қызметкерлері үшін де Алидардың анасынан кешірім сұрады. Ал жауапты министрлік, уақытылы диагноз қойылмағаны үшін дәрігердің үстінен арыз жазуға кеңес берді.

Талқылау