Нұр-Сұлтанда бірнеше ғимаратта өрт шығып, төрт адам жапа шекті
Нұр-Сұлтанда жанармай толтыру бекеті мен қоймада өрт шығып, төрт адам жапа шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қобда көшесі, 6 мекен жайындағы өрт туралы хабарлама сағат 25 шілде күні 22.05-те түскен. Бірнеше бір қабатты ғимараттар, екі қабатты қойманың шатыры мен жанармай толтыру бекетіндегі газ жанып кеткен.
Келген бойда өрт сөндірушілер бір қабатты ғимараттың өртенуін және екі қабатты ангардың шатыры, сондай-ақ газ толтыру станциясында газдың лаулап жанып жатқанын анықтады.
- Алматы тауларындағы өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылды
- Қытайда тікелей эфирде әйелін өртеп жіберген азамат өлім жазасына кесілді
Департамент мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру штабы құрылып, апаттың алдын алуға арналған жауынгерлік аймақтар ұйымдастырылды.
Жедел жәрдем станциясының алдын ала мәліметі бойынша, төрт адам зардап шеккен.
Төтенше жағдайлар департаменті сағат 01:23-те өртті толығымен ауыздықтағанын хабарлады. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық