Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларындағы өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылды

Алматыда тауда басталған өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылды. Өрт туралы ақпарат 25 шілдеде 20:00 шамасында келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт

Медеу ауданындағы Қимасар шатқалында құрғақ шөп өртенген. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 100 қызметкер мен 14 бірлік техника жіберілген. Өртті сөндіру үшін "Қазавиақұтқару" мен Құтқару қызметінің Ми-8 екі тікұшағы да жұмылдырылған. 

"Алматы тауларындағы құрғақ өсімдіктердің тұтануын сөндіру үшін ҚР ТЖМ мен Алматы қаласы әкімі аппаратының 109 құтқару қызметінің тікұшақтары жұмылдырылды", - делінген департамент ұсынған хабарламада. 

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тауда от жақпауға, темекі шекпеуге шақырады.  

Талқылау