Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда тікелей эфирде әйелін өртеп жіберген азамат өлім жазасына кесілді

Оңтүстік-батыс Сычуань провинциясында Тан Лу есімді ер адам өлім жазасына кесілді. Ол тікелей эфирде әйелін өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме беріп.

Марқұм әйел Лхамо

Тан Лудың бұрынғы әйелі  30 жастағы Лхамо фермер болған және әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып жүрген. Ерлі-зайыптылар бірге тұрмаған, өйткені Танг әйелін жиі ұрып-соққан көрінеді, сол себепті әйелі оны тастап, ажырасуға арыз берген. Ер адам одан бірнеше рет қайта оралуын сұраған, алайда Лхамо бұған көнбеген.

2020 жылдың қыркүйегінде әйел әдеттегідей тікелей эфирде отырған кезде оның бұрынғы күйеуі артынан келіп, оған бензин шашып, өртеп жіберген.



Әйел екі аптадан кейін ауруханада қайтыс болды. Тан Лу шабуылдан кейін көп ұзамай қамауға алынып, 2021 жылдың қазан айында оған өлім жазасы тағайындалды. Ал 2022 жылы 23 шілдеде оны өлім жазасына кесті.

Басылымның хабарлауынша, Қытай 2015 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тыйым салатын алғашқы ұлттық заңды қабылдады. Бұл жаңашыл заңнама психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықты қамтиды.

Талқылау