Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ маймыл шешегінің таралуын төтенше жағдай деп жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс маймыл шешегін әлемдегі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады, Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

"Маймыл шешегінің өршуін халықаралық алаңдаушылық тудыратын денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп атауға болады”, – деді ДДСҰ басшысы. 

Айтуынша, қазірдің өзінде әлемде бұл ауруды 16 мыңнан астам адам жұқтырған. Әсіресе, Еуропа аймағында кеселдің таралуы үлкен қауіп төндіруде. Қазірдің өзінде ауру 47 мемлекетте тіркелген. 

Гебрейюс ДДСҰ бес критерий бойынша төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдайтынын түсіндірді, олардың бірі вирустың таралу жылдамдығы. Бір айта кетерлігі, маймыл шешегі бұрын кездеспеген елдерге тез тараған.



Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы қазір әлемнің әртүрлі аймақтарында маймыл ауруын жұқтыру қаупі әртүрлі екенін түсіндірді.

"Вирустың әртүрлі елдерде одан әрі таралатыны анық, дегенмен вирустың халықаралық байланысты үзуі екіталай", - деп қосты ДДСҰ басшысы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вируспен күресу бойынша елдердің төрт санаты үшін төрт топтама әзірледі. Бұл ол мемлекеттерде қанша науқас бар және вирустың қаншалықты тез таралатынына байланысты. Үкіметтерге азаматтардың осал топтарын қорғау және аурудың таралуын тоқтату үшін келісілген шаралар қабылдау ұсынылады.

Маймыл шешегі қоздырғыштары қара шешек вирусына ұқсас, бірақ онымен салыстырғанда аса жұқпалы емес және өлімге әкелетін қауіпі төмен. Ауру желшешек секілді өрбиді, бірнеше аптадан соң симптомдар басылады. 

Алғашқы белгілерге байланысты маймыл шешегін анықтау өте қиын. Бас ауруы, арқа ауруы, дене қызуының көтерілу  және т.б. ауру симптомдары болуы мүмкін. 

Талқылау