Нұр-Сұлтанда балабақша ақысы өзгереді
Елордада балабақша ақысы қайта қаралады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы мен елордалық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі Білім және денсаулық сақтау комитетінің бірлескен отырысында қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Балабақша ақысы 2016 жылдан бері өзгерген жоқ. Яғни, мемлекеттік балабақшаларда ата-аналар бір балаға ай сайын 16 800 теңге, ал жекеменшік балабақшаларда 20 800 теңге төлейді. Бұл сомаға баланың тамағы ғана кіреді. Балабақшада бала төрт мезгіл тамақтанады. Бұл ереже мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға ортақ. Осыған байланысты біз қазір алым сомасын қарап, есеп-қисабын жүргізіп, жаңа құжаттарды дайындап жатырмыз", - деді Сенғазиев.
Оның айтуынша, құжаттар дайын болғаннан кейін қоғамдық талқылауға, одан кейін қалалық мәслихаттың қарауына шығарылады. Жаңа құжаттар бекітілсе, балабақша ақысы өзгереді. Бірақ бұл тек мемлекеттік балабақшаларға қатысты. Ал жекеменшік балабақшаларға қатысты бұл мәселе бөлек қарастырылмақ.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар