Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтанда 60-тан астам тұрғын қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен уланып қалды

Нұр-Cұлтанда 60-тан астам тұрғын қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінде уланып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

9 және 10 маусымда астаналық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қаланың медициналық ұйымдарынан тамақтан уланудың тіркелгені туралы шұғыл ақпарат келіп түскен. 

Науқастардың барлығы дерттерін қоғамдық тамақтану орындарында жеген тамақ өнімдерімен байланыстырды. Жаппай тамақтан уланудың тіркелуіне байланысты Байқоңыр аудандық ІІБ-не ақпарат жолданды. Тексеру барысында зертханалық зерттеу үшін жағындылар, шикізат пен дайын өнім үлгілері алынды. Кәсіпорынның 15 қызметкері патогенді микрофлораны тасымалдауға тексерілді. Нәтижесі кейін белгілі болады.



"Бүгінгі күні 64 науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның 52-сі ауруханаға жатқызылып, 12-сі амбулаторлық ем алуда", – деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Сондай-ақ департамент 10 маусымда Байқоңыр ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс аясында қоғамдық тамақтандыру нысанына жоспардан тыс тексеру жүргізгенін қосты.

Тексеру барысында келесі бұзушылықтар анықталды:

  • нысанның мәлімделген жобалық қуаты мен нақты арасындағы сәйкессіздік, бүкіл технологиялық процесс бір асхана бөлмесінде жүзеге асырылады, цехтық бөлімше жоқ,
  • технологиялық процестердің ағымы байқалмайды,
  • кесу жабдықтарын таңбалау, пайдалану және сақтау талаптары сақталмаған,
  • дайын тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын сақтау кезінде тауарлық көршілестік қағидаты сақталмайды;
  • іріңдік және жұқпалы аурулардың және басқалардың болуына персоналды тексеру журналы жүргізілмейді.

Жоспардан тыс тексерулер мен эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақтан улану мен жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында астаналықтарға жосықсыз кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың жеткізу қызметі көрсетілген жарнамалық буклеттер арқылы азық-түлік өнімдері мен дайын тағамдарды сатып алмауды қатаң түрде ұсынады.

Талқылау