Нұр-Сұлтан сыртындағы блок-бекеттер мамыр айының соңында алынуы мүмкін
Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қала сыртындағы блок-бекеттер қашан алынатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта елорда сыртында жеті блок-бекет орналастырылған екен. Олар карантин толығымен алынғанға дейін жұмыстарын жалғастырады.
"Егер Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны мамыр айының соңына дейін азаятын болса, онда сол уақытқа таман блок-бекеттерді алу мәселесін қарастырамыз", - деді әкім орынбасары.
Бұған қоса ол елордаға ұшақтан бөлек, автокөлікпен де кіруге болатынын айтып кетті.
"Біз бұған арнап алгоритм құрастырып қойдық. Қалаға оралғандардың бойынан коронавирус анықталмаса да, олар 14 күнге үй карантиніне жатқызылады", - деп қосты ол.
Еске салайық, 11 мамыр күні еліміздің аумағында ТЖ режимі аяқатлған болатын. Сонымен қатар ұшақ жолаушылары ендігәрі ПТР тестінен өту міндетті емес.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді