AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қамауға алынды

ҚР төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының ұсталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Осы оқиға бойынша Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы ұсталып, оған қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы қолданылды, тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттік Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына қатысты 5 миллион теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте анықталғандай, тергеу жалғасуда.

"Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр