Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан кафесінде ер адам телефонын қуаттауға қалдырамын деп 130 мың теңгесінен айырылған

Астаналық ер адамды қалалық кафелердің бірінде тонап кеткен. Ұры интернет-банкинг арқылы өз шотына ақша аударып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Шоттан ақша ұрлады деген күдікпен елорданың 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Кафеде алкоголь ішкен ер адам көрші үстелде басқа адамның ұялы телефонындағы құпиясөзін байқап қалады. Күдікті телефонға енгізілген пароль сандарының есіне сақтап қалған. Содан кейін ол жәбірленушінің ұялы телефонын қуаттауға қойып, тастап кеткенін көреді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, күдікті ер адамның телефонын алып, оны ашып есінде сақталған сандарды теріп, өз шотына 130 мың теңге аударып алған. Содан кейін телефонды орнына қойып, кафеден жылдам кетіп қалған.



Жәбірленуші өз шотынан ақша жоғалтқанын келесі күні байқап, полицияға жүгінді.

Полиция ұстаған ер адам бұл әрекетін мойындады. Енді оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Талқылау