Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp-тағы ойын: Қазақстандықтар жаңа қаржы пирамидасына алдануда

Қазақстанда қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір ойын түрі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

WhatsApp-та "Касса от ставки" аталатын чат табылды. Қазақстандықтарға "спорттық іс-шараларға тиімді ставкалар" арқылы 50% табыс табуды ұсынылды, деді Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Чатты құрған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Алақтықтың құрбаны 14 адам болды. Олар пирамидаға 30 мыңнан жүз мың теңгеге дейін қаражат салған.

Сондай-ақ, Нұрмағамбетов Шымкентте тұрғындардың бірі WhatsApp арқылы "ақша көбейту" сылтауымен алаяқтықпен айналысқанын айтты. Жәбірленушілерге жалпы сомасы шамамен төрт миллион теңге материалдық залал келтірілді.

Өткен жылы қазақстандықтар "Котел, или Черная касса" атты ойынға ақша салып, қаржы пирамидасына еліміздің түрлі өңірлерінің тұрғындарына кірген еді.

Талқылау