"15 күнде құрылысы бітеді": Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында коронавирусқа байланысты аурухана салынады
Қазақстанның үш ірі мегаполисінде жылдам түрде жұқпалы ауруларды емдеуге арналған ауруханалар тұрғызу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ ауруханаішілік жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында үкімет басшысы әкімдерге инфекциялық, провизорлық және карантиндік нысандардағы санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Әлеуметтік желілерде елорда маңында аурухана құрылысының басталып кеткені түсірілген видео таралып та кетіпті. Бейнежазба авторының сөзінше, аурухананы 15 күнде салып бітіру жоспарланған.
Қытайда коронавирусты емдейтін аурухана құрылысы 10 күнде салынып бітті (видео)
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”