Нұр-Cұлтанда әйел 16-қабаттан секіріп кетті
Бүгін Нұр-Сұлтанда 31 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үй кешенінің 16-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Sat city тұрғын үй кешенінде болған.
Әлеуметтік желіде Сығанық көшесінде орналасқан Sat city тұрғын үй кешенінінің ауласында жатқан қыздың мүрдесінің суреті тарады. Суретте қыздың бетін ақ матамен жауып тастаған.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.
“Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты”, — делінген хабарламада.
Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады.
Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сараптама тағайындалған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар