Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрәлі Әлиев Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Нұралы Әлиев бір жарым жылға жуық уақыт басқарған Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Ол қызметтен кету себебін де түсіндірді.

17562

“Мен көп жылдар өзімді бизнеске арнадым. Жаңа қаржылық мүмкіндіктерге жол ашу, компанияның экономикалық потенциалын көтеру – бұл менің жүрегімдегі дүниелер. Сол себепті мен Астана қаласы әкімі орынбасары қызметінен кеттім. Енді мен өзімнің сүйікті салам бизнесте жұмыс жасайтын боламын”, – деді ол.

Еске сала кетсек, Нұралы Әлиев бас қала әкімінің орынбасары қызметіне 2014 жылдың желтоқсан айында тағайындалған болатын.

Нұралы Әлиев Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін “Экономика және қаржы” мамандығы бойынша, Имадек университетінің магистратурасын бизнес-әкімшілік мамандығы бойынша тәмамдаған. Біраз жылдар “Нұрбанк” АҚ директорлар кеңесінде қызмет атқарды. 2008-2013 жылдар аралығында “Қазақстан даму банкі” АҚ басқарма төрағасының орынбасарығ “Транстелеком” АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

Талқылау