Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 миллиард теңгені мойныма алмаймын": Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті сотта өз нұсқасын айтты (видео)

Күдікті сотта
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты іс бойынша сот отырысында күдікті Шерхан Аймаған сөз сөйледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Күдікті өз сөзін Нұрайдың отбасына көңіл айтып, кешірім сұраумен бастады. Ол өз әрекетіне өкінетінін жеткізді. Айыпталушы жәбірленуші талаптың 10 миллиард теңге моральдық шығын өндіру туралы талабымен келіспейтінін мәлімдеді. 

“Нұрайға кеткен материалдық шығынды, 15 миллион теңгені өз мойныма аламын, болашақта жұмыс істеп өтеуге дайынмын. Ал моральдық өтемақы 10 миллиард теңгені мойныма алмаймын. Осындай жағдай болғанына қатты өкінемін. Өмір бойы өкініп өтемін”, – деді күдікті соттағы сөзінде. 

Айыпталушы Нұраймен тойда танысып, кейін әлеуметтік желі арқылы сөйлескенін, кейін қыз-жігіт ретінде алғашқы кездесу барғандарын айтады. Айтуынша, Нұрай алғашқы кездесуге анасынан рұқсат алып шыққан көрінеді. 

“Нұрай Шымкентте кофеханаға жұмысқа орналасқаннан кейін күн сайын кездесіп тұрдық және 31 тамызға дейін кездесіп жүрдік. Кейін ол Алматыға кетерден бір апта бұрын өзіне арақашықтағы қарым-қатынас ұнамайтынын айтып, менен ай сайын Алматыға келіп тұруымды сұрады. Мен келістім”, – дейді күдікті. 

Айыпталушының айтуынша, ол Нұраймен отбасы құру ниетімен сөйлескен, бұл ниетінін Нұрайдың өзіне де айтқан көрінеді.

2025 жылдың 29 қыркүйегінде күдікті Шымкент қаласынан Алматыға барып, Нұраймен серуендегенін айтады. Күдіктінің сөзінше, алып қашу орын алған 4 қазан күні де Нұрай Алматыдан өз еркімен шыққан көрінеді. 

“4 қазан күні жолға шыққан кезде Қаскелең маңында болуы керек, дүкенге тоқтадық. Бірге жолда ішетін сусын алдық. Кейін Шу маңында, жол бойындағы дүкендердің жанында тоқтап, ұйықтап алдық. Нұрайдың телефоны жанында болды, өз еркімен келе жатпаса сол кезде шығып, көмек сұрауына болар еді. Ол өзі мені оятып, әріқарай жүрейік деді. Шымкентке келген кейін, көлік жууға да тоқтадық. Ол жерде де көмек сұрай алар еді. Алматыдан Шымкентке дейін 20 сағатта келсек, осы уақыт ішінде шара қолданар еді”, – дейді сотталушы. 

Айта кетейік, бүгінгі сот отырсында прокурор соттан күдікті Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Істің мән-жайы

Еске салайық, қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студентті жас жігіт асқан қатыгездікпен пышақтап өлтірген еді. Нұрай Серікбай оқиға орнында тіл тартпай кетті. Күдікті көзі тірісінде қыздың қыр соңынан қалмай, тіпті алып қашқаны да анықталған. Полиция адам өлтіру мен сталкинг баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

Алайда араға үш ай салып 28 жастағы жігіттің уақытша ұстау изоляторынан Талғардағы психикалық орталыққа ауыстырылғаны белгілі болды. Марқұмның туыстары күдіктінің анықтама алып, жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты.

Артынша ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сот-психиатриялық сараптамаға сәйкес, айыпталушы есі дұрыс деп танылғанын және заң алдында жауап беретінін хабарлады. 

Бұған дейін Нұрайдың отбасы сот отырыстарының тікелей эфирде көрсетілуін талап еткен.

Айыптау актісі қандай?

Биыл 23 шілде күні Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтіру ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті. Мемлекеттік айыптаушы Мадияр Әбілқасымов сотта айыптау актісін жариялап, сотталушы Шерхан Аймаханға тағылған үш эпизод бойынша айыптың мән-жайын баяндады. 

Прокурордың сөзінше, күдікті Шерхан Аймахан әуелі Нұрайды кездесуге шақырған. Алайда Нұрай одан бас тартқан. Сосын ол қыздың үй жағына келіп, оның дүкенге шыққан сәтінде әуелі 5 рет пышақтап, қашып кеткен. Кейін бастаған ісін аяқтау үшін қайта келіп 30 рет пышақ сұққан.

Нұрайдың адвокаттары мен жақындары істің тікелей эфирде көрсетілуін сұрады. Алайда, оған сотталушы тарап келіспей, қарсы шықты. Екі жақты келісім болмаған соң судья сот процесінің тікейлей көрсетілмеймінін айтты. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 11 Тамыз, 2026 19:22