Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті есі дұрыс деп танылды

Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов даулы қылмыстық іске қатысты жаңа мәліметтерді айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Санжар Әділовтің сөзінше, Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша тергеу аяқталуға жақын.
“Тергеушінің тағайындауымен сот-психиатриялық сараптама жүргізілді. Қорытындыға сәйкес, айыпталушы есі дұрыс деп танылды. Енді ол заң алдында жауап береді”, – деді вице-министр.
ОқыңызЕске салайық, қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студентті жас жігіт асқан қатігездікпен пышақтап өлтірген еді. Нұрай Серікбай оқиға орнында тіл тартпай кетті. Күдікті көзі тірісінде қыздың қыр соңынан қалмай, тіпті алып қашқаны да анықталған. Полиция адам өлтіру мен сталкинг баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Алайда араға үш ай салып 28 жастағы жігіттің уақытша ұстау изоляторынан Талғардағы психикалық орталыққа ауыстырылғанын марқұмның туыстары түсінбей отыр.